Армения қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорянның айтуынша, Ереванның ұстанымы — әуежайға қызмет көрсетуді толығымен Армения шекара әскерлері жүзеге асыруы керек.
«Армения бұл мәселеде нақты ұстанымға ие», — деді ол.
2024 жылдың ақпанында Армения билігі республиканың ҰҚШҰ-ға мүшелігін уақытша тоқтататынын жариялады. Көп ұзамай ел парламентінің спикері Ален Симонян Ресейдің ФСБ шекара қызметінің қызметкерлерін Еревандағы әуежайдан шығаруға шақырды. Ресей СІМ-де Симонянның мәлімдемесі «достықтан тыс мінез-құлықтың” мысалы ретінде сипатталды.
Ресейдің Армениядағы ФСБ шекара басқармасы төрт отрядты қамтиды — Гюмри, Армавир, Арташат және Мегри, сондай-ақ Звартноц әуежайындағы бақылау-өткізу пункті.
Ресей Федерациясының Армениядағы шекарашыларын ұстауды екі елдің үкіметтері қамтамасыз етеді.