Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Армения тарапынан әскери позицияларға оқ атылғанын мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, Нахичеван автономды республикасы Садарак ауданындағы Гейдарабад елді мекеніне қарсы оқ атылған.
«24 ақпанда 21:40 шамасында Арарат облысындағы Ерасх елді мекеніндегі Армения қарулы күштері Әзербайжан қарулы күштерінің позициясына қарсы оқ атты », – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Әзербайжан қыркүйек айында Таулы Қарабақты бақылауына алған еді. Сондай-ақ қаңтар айында Армения Әзербайжанға шабуыл жасамау туралы пактке қол қоюды ұсынды.