Александр Бублик Дубайдағы турнирдің ширек финалына өтті

Фото: ҚТФ
БАӘ-де өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің екінші айналымында әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Нидерланд өкілі Таллон Грикспурды (АТР рейтингінде 28-орын) жеңді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Кездесу 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 49 минутқа созылды.

Бублик 22 рет эйс пен үш қос қателік жасады және алынған екі брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Келесі айналымда қазақстандық Иржи Легечка (Чехия) – Карен Хачанов (Ресей) жұбының жеңімпазымен ойнайды.