Астанада жол апатынан бір адам қаза тапты

Фото: Видеодан алынған кадр

Мұхамедханов – Омаров қиылысында болған жол-көлік оқиғасында жаяу жүргінші қайтыс болды, деп хабарлайы Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Мұхамедханов – Омаров қиылысында жүк көлігі, автобус және Toyota Prado жол талғамайтын көлігі соқтығысқан.

“Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында Астана қаласы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр”, – деп хабарлады елордалық полицейлер.