Экс-президент күні мерекелер қатарында қалады

Үкімет мерекелік күндер тізбесінің жаңа редакциясын бекітті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаулы бойынша, жаңа тізімде 19 мереке бар:

  • Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылған күні – 15 ақпан
  • Алғыс айту күні – 1 наурыз
  • Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі
  • Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр
  • ҚР Мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым
  • Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі
  • Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі
  • Абай күні – 10 тамыз
  • Спорт күні – тамыз айының үшінші жексенбісі
  • Семей ядролық полигонының жабылған күні – 29 тамыз
  • Білім күні – 1 қыркүйек
  • Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі
  • 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні
  • Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі
  • Қарттар күні – 1 қазан
  • Нан күні – 16 қазан
  • Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша
  • Ұлттық валюта күні – теңге – 15 қараша
  • ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінде болған, алайда 2022 жылы бұл тізімнен шығарылды. Мемлекеттік мереке ретінде Тұңғыш Президент күні 2012-2021 жылдар аралығында 1 желтоқсанда аталып өтілді.

 

Qazaq.today