Қараусыз қалған балалар балабақша шатырына шыққан

Оқиға Алматы облысында жекеменшік балабақшада болған. Желіде тараған видеодан ғимарат төбесінде жүрген балаларды көруге болады. Олар кезекпен терезеден ішке кіріп жатыр. 

Полиция мекеме меңгерушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оқыс жағдайлардың алдын алу үшін терезелерге қорғаныс торлары мен арнайы бұғаттағыштар орнатылды. Қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етпеген қызметкер жұмысынан босатылды.