«Арасында көз жұмғандар бар»: «Дикий Арманның» қылмыстық тобы 24 адамды ұрлап әкетіп, күштеп ұстаған

«Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап кетіп,  күштеп ұстаған. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді,  деп хабарлайды Qazaq.Today порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ожаровтың айтуынша, бүгінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталған. Сондай-ақ 21 адамның адам өлтіру, ұрлық, тонау баптары бойынша соттылығы бар болып шықты.

«Олардың арасында «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев пен оның тобының мүшелері бар. Мен бұл айыпталушыға жеке тоқталамын. Оның қарулы адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың арасынан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап кетіп, күштеп ұстап отырған. Оларды алдымен бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соғып, нәтижесінде бір адам қаза тапты. Сонымен қатар, қарақшылар бұған дейін 12-ші қалалық ауруханада қатты соққыға жығылған полицейдің қызметтік қаруын алып кеткен», – деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған факт бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Әлеуметтік желілерде Жұмагелдиев босатылды немесе белгісіз жаққа жеткізілді деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таралып жатыр. Іс қосымша тергеу үшін арнайы прокурорларға жіберілді. Біз оны ҰҚК уақытша ұстау изоляторына ауыстырдық. Ол сонда қамауда отыр», – деп қосты Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы.

Айта кетейік, 2 ақпанда адвокаттар «Дикий» Арманның тергеу изоляторынан жоғалып кеткенін мәлімдеген. Кейін Жұмагелдиевтің басқа изоляторға ауыстырылғаны анықталды.

Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий Арман» бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды.

Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді. «Дикий Арманды» ұстау сәтінің суреттері жарияланды. Оларға қарағанда ұстау операциясы қонақүйлердің бірінде болған.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here