Қызылорда облысын а да шегіртке қаптады. Шегірткемен күрес аясында мердігер мекемелер 60 мың гектар жер зиянкестерге қарсы өңделген, деп хабарлайды Qazaq.today.
Бүған дейін желіде Қызылорда облысына шегірткелердің қаптап кеткен жайлы ақпарат тараған еді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде 10 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделіп, облыс әкімі орынбасарының басқаруымен жедел штаб құрылды.
«Жергілікті жерлерде мониторинг жүргізу және жұмыстарды үйлестіру үшін 279 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ шегірткеге қарсы күрес шаралары Арал ауданына қарасты Қарақұм, Сазды, Аққұм, Қосаман және Жіңішкеқұм ауылдық округтерінің аумағында жүргізілді. Оған 2 жеңіл авиация кемесі, 2 аса жеңіл ұшақ, 12 жерүсті техникасы, 5 дрон, 45 арқаға асылатын бүріккіш қолданылды. Мониторингке 48 маман жұмылдырылды”, – делінген АШМ хабарламасында.
Зиянкестерге қарсы күрес оңтүстік өңірде әлі жалғасып жатыр.