Қарағанды – Жезқазған тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Қарағанды мен Жезқазған арасындағы тас жолда түнде ауыр жол апаты болды. Жаңбыр жауып тұрған. Жолға жылқылар шығып кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жүргізушісі дер кезінде қимылдап үлгермей, құлынды қаққан. Соққы салдарынан көлік қарсы бағытқа шығып, Toyota RAV4 көлігімен соқтығысқан. Екі жүргізуші де тежегішті басқанымен, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған, деп жазады turkystan.kz.

Зардап шеккендер жоқ. Екі көлік бүлінген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.