Қарағанды облысының Саран қаласында полицейлер дүкен сатушысына шабуыл жасаған 50 жастағы ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
22 қаңтарда бейтаныс біреу азық-түлік дүкенінің сатушысына пышақтап кеткен еді. Әйел көз жұмды.
Желіде оқиғаның видеосы тарады. Онда ер адамның азық-түлік дүкеніне пышақпен кіргенін көруге болады. Бүгін, 23 қаңтарда күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.
«Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 27 жастағы Саран тұрғынын өлтірген күдікті ұсталды. Қарағанды облысының полиция департаментінің жедел-тергеу тобы 50 жастағы ер адамды қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр, — деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.