Қарағанды ​​облысында бір мезетте 19 көлік соқтығысты

Қарағанды облысында Екатеринбург-Алматы автожолында 19 жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Qazaq  Today ақпарат порталы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 23 қаңтар сағат 10:30-да Екатеринбург-Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды-Балқаш, 1492-1855 шақырым) Балқаштан Қарағанды қаласына көлік қозғалысы ашылды.

Ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты осындай шешім қабылданған.

56