Ақтөбеде спорт ардагері министрлікті сотқа берді

Фото: Diapazon.kz

Гір көтеруден Қазақстанның халықаралық спорт шебері Бөгежан Аманбаев туризм және спорт министрлігіне қарсы сотта жеңіске жетіп, ақша өндіріп алды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғарғы соттың дерегінше, 2023 жылы өткен әлем чемпионатында Аманбаев 65-69 жас аралығындағы үш деңгей бойынша екі І және бір ІІ орынды жеңіп алды. Спортшы министрлікке шағымданғанымен, мемлекеттік мекеме ардагерлерге төлемақы қарастырылмаған ережелерді алға тартып бас тартты.

“Ережеге сәйкес жеке спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, ұлттық құрама мүшелеріне ақшалай сыйақы төленеді. Әр спортшыға алған әр орыны үшін 100% көлемінде сыйақы төленеді. Оның үстіне көтермелеу төлеміне тікелей тыйымдар жоқ. халықаралық жарыстардың жеңімпаздары – спорт ардагерлеріне”, – деп атап өтті соттың баспасөз қызметі

Аманбаев 27 ұлттық құраманың спортшыларымен бірге қатысты. Сондықтан сот министрліктің уәждерін негізсіз деп тапты. Талап-арыз қанағаттандырылып, енді туризм министрлігі өтемақы төлеуге міндеттелді.