«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезінде алаяқтық жасалған, деп хабарлайды Qazaq.today.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен несиелік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталған.
Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал келтірілді.
Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.