Фото: «АК Алтыналмас» АҚ баспасөз қызметі
Ақтөбе мыс компаниясында жұмысшы көз жұмды. Алдын ала болдам бойынша ұсақтаушының үстіне кен құлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-і Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасына жұмысшының қазасы туралы хабарлама берген.
«Жұмыс берушінің деректері бойынша, жазатайым оқиға 18 қыркүйек күні сағат 22:40 шамасында болды. Ұсақтаушы А.Нұрғалиевке шахта кені құлап, мерт болған. Мұндай жағдайларда ҚР Еңбек кодексінің 188-бабының 4-тармағына сәйкес жұмыс берушінің және қызметкер өкілінің қатысуымен мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеу жүргізеді. Арнайы тергеп-тексеру нәтижелері, тараптар кінәсінің дәрежесі тергеп-тексеру актісімен ресімделеді. Тергеу аяқталғанға дейін болған оқиға туралы қандай да бір ақпарат ресми деректер болып табылмайды. Тергеу шамамен 20 қазанда аяқталады», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы.