Ақтөбе облысында азық-түлік тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жанып жатқан жүк көлігін сөндірген.

«Ақтөбе облысының аумағында Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тасжолының 270-шақырымында азық-түлік тауарлары тиелген жүк көлігі жанды», — деп жазылған хабарламада.

ТЖМ күштерімен өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.