Фото: akorda.kz
Ақтөбеде боранға байланысты әуе рейстері кейінге шегерілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 10 рейс ұшып-қонуы тиіс болатын. Алайда ауа райына байланысты бәрі уақытша тоқтап тұр.
«Қазіргі кезде 4 рейс тоқтап тұр. Олар: FlyArystan әуе компаниясының Алматы – Ақтөбе – Алматы, Qazaq Air компаниясының Астана – Ақтөбе – Атырау, SCAT компаниясының Астана – Ақтөбе – Астана, Qazaq Air компаниясының Атырау – Ақтобе – Астана рейстері. Тоқтау себебі – метеожағдайға байланысты», — деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.