Фото: Ақтөбе обл. прокуратурасының баспасөз қызметі
Ақтөбе облысының прокуратурасы интернет казино ұйымдастыру бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.
Өңірлік экономикалық тергеп-тексеру департаменті онлайн казино режимінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған және басқарған 4 адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Онлайн казино ойыншыларынан тартылған қаражаттың жалпы көлемі – 375 млн теңге.
Анықталғандай, онлайн казино ойыншылары 22-30 жас аралығындағы жастар болды. Бұдан бөлек, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органымен қылмыстық жолмен табылған жылжымалы және жылжымайтын мүлік бұғатталды.