Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз Өзбекстан азаматы қаза тапты

Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Апат кеше Самара-Шымкент тасжолында Маржанбұлақ ауылына жақын маңда болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Тасжолда Өзбекстан Республикасының азаматы айдап келе жатқан Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alphard минивэні соқтығысқан.

Апат салдарынан минивэн жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы, Өзбекстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты.

“Алдын-ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің доңғалағы жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, салдарынан көліктер соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды”, — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.