Ақтөбе-Астрахань тас жолында 5 адам өртеніп кетті

Фото: Pixabay

Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөлік соқтығысқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

BAQ.KZ мәліметінше, бүгін сағат 08:36-да Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы туралы шақыру түскен.

«Сағат 08:41-де оқиға орнына «Қандыағаш» трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы шықты. Зардап шеккен 5 адам көлікте өртеніп кетті. Басқа көліктегі зардап шеккен 3 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, Қандыағаш қаласындағы ауруханаға жатқызылды», — делінген хабарламада.