Ақтау қаласында су тапшылығының себептерінің бірі — туристер, деп мәлімдеді әкімнің міндетін атқарушы Сали Нұртас, деп хабарлайды Qazaq.today.
Сали Нұртас халықпен мәселені талқылауға шықпай, тәртіп сақшыларын жіберген.
Ол 1992 жылы туған, жасы 32-де.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау тұрғындары су жоқтығына байланысты жолдарды жауып тастаған еді.
Соңғы бірнеше күнде ауа температурасы 35 градустан жоғары болып тұр.
Тұрғындармен облыс әкімдігінің өкілдері кездесіп, сөйлесті.
Қазіргі уақытта өңірге шамамен 40 мың текше метр ауыз су жетіспейді, оның ішінде Ақтауға тәулігіне тағы 20-25 мың текше метр су қажет.
Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін өңірде күніне 147,5 мың текше метр су өндіретін 10 тұщыландыру зауыты мен қондырғылардың құрылысы, сондай-ақ бір магистральды су құбырын жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жаздың соңына дейін өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен тәулігіне 206,3 мың текше метрге жетеді.