Ақтауда полиция қызметкерін пышақтап өлтірді (видео)

Қайғылы оқиға 3 тамызға қараған түні болған. Маңғыстау облысының полиция департаменті  қызметкердің қаза тапқанын растады.

Куәгерлердің айтуынша, тамыздың 2-сінен 3-іне қараған түні 17-шағын ауданда полиция қызметкері пышақталған. Ол ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі Ладаға сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаменті бұл фактіні растады.

Басқарма сағат 03:50-де кезекші бөлімшеге 17-ші шағын аудандағы үйдің ауласынан мойын тұсынан пышақ жарақатын алған 26 жастағы жігітті жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық ауруханасына алып кеткені туралы ақпарат түскенін хабарлады. Ол есін жимай, жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Марқұм полиция қызметкері, еңбек демалысында болған.

Жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) Ақтау қалалық ІІБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СЖБ) тіркелді.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Интернетте марқұм мен күдіктінің фотосуреттері, сонымен қатар марқұмның Ақтау қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болғаны туралы құжат таратылуда. Ол билік органдарында 2016 жылдан бері жұмыс істеп, 22 шілдеден бері еңбек демалысында.

33