«Ақшаға сатылған, ұлтшылдар» – қазақтарға тіл тигізген қарағандылық әйелдің үстінен іс қозғалды

Қарағанды облысының полиция департаменті 24 маусымда бейтаныс адаммен чат-рулеткадағы әңгіме барысында қазақтардың қорлайтын сөз айтқан 45 жастағы сатушыға қатысты алауыздық туғызу туралы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Видеода ер адам мен әйел Қарағандыны «орыстың қаласы» деп атайды. Сатушы әйел өз пікірін ортаға салып, қазақтардан «жалыққанын» айтады.

«Олар «хохалдар» сияқты секіре бастады! Кімге секіріп жүргендерін білмейді. Саған айтайын, мұнда кейбір қазақтар пайда болды. Ақшаға сатылған, ұлтшылдар. Міне, мен дүкенде жұмыс істеймін. Олар дүкенге келеді де, орыс екенімді көре тұра, менімен қазақша сөйлесе бастайды”, – дейді әйел.

Осы сөздерден кейін ер адам «өз адамдарын тастамайтындарын» мәлімдеп, сұхбаттасушысын «референдумға дайын болуға» шақырды. Сұхбаттасушылар «Ресей жасасын! Путин жасасын!»деген ұранмен қоштасты. Сөз соңында әйел Путиннің нағыз азамат екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жезқазған тұрғыны чат-рулеткада Ресейге Қазақстан аумағын беруді ұсынған болатын. Істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті қолға алды.

 

Qazaq.today