АҚШ-та қарулы топтар арасында атыс болып, екі адам қаза тапты

АҚШ-та қарулы топтар арасында атыс болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы ABC News хабарлады. Оның мәліметіне қарағанда, оқиға Раунд-Рок қаласындағы Old Settlers саябағында Құлдықтан азат ету күні аталып өтіп жатқанда болған. 

Онда екі топ арасында жанжал шығып, сол кезде топтың арасынан шыққан бір адам қарсы топқа оқ жаудырған. Оқиға орнында екі адам қаза тапқан. Бірақ полиция олардың төбелеске қатысы жоқтығын мәлімдеген.  Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, әзірше атысқа қанша адамның қатысы бар екені туралы толық мәлімет жоқ. Атыстан алты адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.