АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж журналистермен кездеспек

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж Алматыда журналистермен кездеспек. Кездесу 8-сәуірге жоспарланған. Бас консулдың құттықтауымен ашылатын семинар-тренингке қатысу үшін елдің өзге аймақтарынан отызға жуық БАҚ өкілдері келеді, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық агенттігі.

Айтулы шараны «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырып жатыр. Екі күнге созылатын шараны Америка Құрама Штаттарының дипломатиялық миссиясы қолдаған.

«Семинар-тренингтің ашылу салтанатына Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Кэролайн Сэвидж қатысып, журналистермен кездеседі. Британиядағы «Avrupa» медиа холдингінің басшысы Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншікті тілшісі Юсуф Өзкан медиа тренер болады. Іс-шараға Алматы қаласымен бірге Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймақтарындағы телеарна, газет, сайт, радиоарналарда жұмыс істейтін БАҚ өкілдері қатысады. Семинар-тренингтің басты мақсаты – журналистердің ақпарат алу және таратудағы кәсіби білігін арттыру, фактчек жасау тәсілдерін меңгерту, деректерді тексеру, жалған ақпаратпен күресуге үндеу», -деді «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы.

Семинар барысында БАҚ өкілдері «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбына білімдерін жетілдіре алады.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here