Қазақстанға коронавирусының жаңа штаммы «церберус» енуі мүмкін. Ол қазірдің өзінде Ресейде таралып жатыр және өте жұқпалы.
Жаңа ковид мутациясының белгілері ЖРВИ-мен бірдей: жоғары қызба, буын ауруы және әлсіздік. Сонымен қатар, мамандардың пікірінше, бұл штамм ерекше қауіп төндірмейді.
«Бұл бірте-бірте Американы, Еуропаны жаулап алған, енді Ресейге келген вирус. Жақын арада Қазақстанға да келеді деп ойлаймын. Церберус тез көбейеді, аса жұғымтал. Omicron-ға қарағанда әлдеқайда жылдам», — деді медицина ғылымдарының докторы Дмитрий Еделев.
Дәрігерлер барлық профилактикалық шараларды қабылдауға кеңес береді. Күз — көптеген вирустық аурулардың өршу уақыты.
10