АҚШ Bereke Bank-ті санкциядан шығарды

АҚШ қазақстандық Bereke Bank-ті (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) санкциялар тізімінен алып тастады, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігі Bereke Bank-ті Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) SDN санкциялар тізімінен алып тастады.

OFAC арнайы тұлғалардың қара тізімін (SDN) жариялайды, онда АҚШ азаматтары мен тұрғылықты тұрғындарына бизнес жүргізуге тыйым салынған адамдардың, ұйымдардың және кемелердің тізімі көрсетіледі.

Еске салайық, бұған дейін Bereke Bank наурызда АҚШ билігінің санкциялардан алып тастау шешімін күтіп отырғанын хабарлаған.

 

Qazaq.today