Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін Мейірлан Раханов атқаратын болды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, Мейірлан Раханов 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
-
- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
-
- Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастаған.
-
- 2012 жылы – Қарағанды облысы Салық басқармасының жетекші маманы.
-
- 2012-2013 жылдары – Қарағанды облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының бас маманы.
-
- 2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті Баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
-
- 2016-2021 жылдары — Президенттің баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы.
-
- 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін Президент баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды.