Ақмола облысының прокуратурасы бір алаяқты 12 жылда әрең тапқан

Ақмола облысының прокуратурасы Алматы полициясының көмегімен 13 адамды алдаған алаяқты 12 жыл өткеннен соң барып қолға түсірген, деп хабарлайды Qazaq.today.

Р. есімді азаматша 2012 жылы маусымда Көкшетау тұрғындарына пәтер алып беремін деп қомақты ақшаларын алып алған көрінеді.

«2012 жылы маусымда күдікті Көкшетау қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсетемін деген сылтауымен халықты алдап, сеніміне кіріп, аса ірі мөлшерде ақша қаражатын заңсыз иемденген. Аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды», — деп хабарлайды Ақмоланың прокуратурасы.

Жасалған қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

20