Ақмола облысында жұмысшы опат болды

Ақмола облысында шаруа қожалығының жұмысшысы шөп жинайтын ауылшаруашылық машинасының астына түсіп, қаза тапты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиға Астрахан ауданында, шөп шабу жұмыстары кезінде болған. Ауыл тұрғыны 37 жаста еді.

Полиция қылмыстық іс қозғады, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастады.

«Алдын ала тергеу барысында шөп шабу жұмыстары кезінде қаза тапқан адам шөп орайтын пресс-жинағыштың астына түсіп, оқиға орнында қаза тапқаны анықталды», — деді аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Әлия Біләлова.