Ақмола облысында полицейлер 500 млн теңгенің заңсыз есепке қою деректерін анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni -не сілтеме жасап.
Мамырдың ортасында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалған құжаттарды пайдалану арқылы шетелден жеткізілген 62 автокөлікті есепке заңсыз қою деректерін анықтады. Келтірілген залал – 500 млн теңге.
Аталған дерек ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігі бойынша («Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 30 жастағы жігітті анықтады. Бұл іс экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Полицейлер тексеруді жалғастырып жатыр.
Qazaq.today