Ақмола облысында 15 жасар қыз өзіне қол жұмсады

Полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғады.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 19 шілдеде Ақкөл ауданында болған.

«Қазіргі кезде 2009 жылғы жасөспірім қыздың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ведомстводан.

30