Ақмола облысында 5 қабаттың терезесінен құлаған 1,5 жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай қыркүйектің 4-де Көкшетау қаласында болған.
«Анықталғандай, қыз бала көпқабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресті, алайда, бүгін түнде бала қайтыс болды. Осыған байланысты полиция іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп түсіндірді ведомстводан.