«Келінжан» сериалындағы Күлімхан апаның рөлін сомдаған актриса Лейло Бекназар-Ханинганың өмірдегі стилі желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жас қыздай ерекше киініп, сәнді образдарымен көзге түскен апамызға көпшілік сүйсіне қарауда.
«Мәә, апам красотка ғой», «Қыздай екен», «Очкиын қара», «Өмірде жас көрінеді екен», «Апа деп қалай айтасың», деп жазды көрермендері.
Айта кетейік, аты шулы «Келінжан 6» сериалының түсірілімі басталды. Ағымдағы жылдың күзінде көрерменге жол тартпақ. Бұл туралы сериал продюсері Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде жариялады.