Әнші Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today

«А.есімді азамат, Алматы қаласы ПД-нің әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отырғанын хабарлайды.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оны әкімшілік қамауға алудан босатуға көрсеткіш жоқ.

Сонымен қатар, А.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаймыз.

Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы ПД анықтау Басқармасы жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әншінің есірткіге масайып, көлік жүргізген жерінен ұсталғаны белгілі болған. Ол 20 тәулікке қамалған болатын.

 

Qazaq.today