Комиссия тарапынан қандай нақты бағыттар бойынша бақылау жүріп жатқаны жайлы ресми ақпарат берілген жоқ. Қазіргі таңда тексерістің мақсаты мен мазмұны туралы толық мәлімет ұсынылмаған.
Аталған тексеріске қарамастан, Қарасай ауданы мектептерінде 2024-2025 оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасы 23 және 24 мамыр күндері өткізіледі деп жоспарланып отыр.
«Бұл тексерісті неге тоқтатпайсыздар? Мынау масқара ғой, масқара. Сіздер білесіздер ме, оқу жылының аяқталуына 2-3 күн қалғанда не қылған бітпейтін тексеріс? Сіздер білесіздер ҰБТ болып жатыр. Соңғы қоңырау болады. Қазір сіздер асханаға кіріп тексеріп жатырсыздар. Сіздерде прокуратурадан рұқсат жоқ. Ешқандай ата-ананың рұқсатынсыз қалайша сіздер сауалнама жүргізгенсіздер? Мынандай бұйрық масқараның шегі ғой! Оқушылар БЖБ, ТЖБ жазып жатыр, — деп қарсы шыққан ауданның белсенділері.
Ал Астанадан келген комиссия «Біз ешкімді жазаламаймыз, тек ескертеміз, екінші күн тексеріп жатқанымызға. Заңсыздықтар бар» деп жауап бергенін байқауға болады. Алайда комиссияның жауабы тағыда сынға ұшырады. Комиссия 7 адам болып келген.
«Көмектескілерің келсе жылдың басында, тамыз айларында келмедіңіздер ме? Жазда кез кез келдген уақытта келуге болады. Сіздер түсініесіздер ме, соңғы қоңырауға екі күн қалды. Оқушылар, балалардың көңілі алаңдаулы. Ғани Бейсембаев оқу жылын аяқтап, аман есен орныңыздан кетіңізші», — деп жауап берген қарасайлық белсенді.
Бұл видеоға түрлі пікір жазғандар бар.
- «Өте орынды, дұрыс айтып тұр. Жылдың басында тексеріп, көмек көрсету керек еді. «Көмектесеміз» деп айтқандары бос сөз болып шықты».
- «Негізі дұрыс айтады! «Зерделеу» деген бос ұран ғана. Әдістемелік кабинеттер неге өздері келіп, сабақтың қалай өтуі керек екенін көрсетпейді? Себебі өздері де жеткілікті деңгейде білімді емес. Ал ескертсең, ертең ренжіп, қарсы шығады. Бірақ «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!».
- «Мемлекеттік мекеме қызметкері қазақ тілінде сөйлесе болмай ма? Қазақша сөйлегені үшін жұмыстан шығара ма енді?!».
- «Шынымен қорқынышты жағдай! Мұғалімдерге деген тыныштық жоқ, обал-ай…».
- «Қазақ тілінде сөйлеген адамға қазақша жауап беруге шамасы келмегені қалай? Әлде мемлекеттік тілді менсінбегені ме?».
Share
Қарасай ауданындағы білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес арнайы комиссиялық тексеріс жұмыстары басталды. Бұл тексеріс барлық мектептерді қамтып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.
Комиссия тарапынан қандай нақты бағыттар бойынша бақылау жүріп жатқаны жайлы ресми ақпарат берілген жоқ. Қазіргі таңда тексерістің мақсаты мен мазмұны туралы толық мәлімет ұсынылмаған.
Аталған тексеріске қарамастан, Қарасай ауданы мектептерінде 2024-2025 оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасы 23 және 24 мамыр күндері өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Бұл күндерде дәстүрлі түрде оқушылар мен мұғалімдер үшін салтанатты жиын ұйымдастырылып, түлектерге арналған қоштасу сәттері өтеді.
Бұл видеоға түрлі пікір жазғандар бар.
- «Өте орынды, дұрыс айтып тұр. Жылдың басында тексеріп, көмек көрсету керек еді. «Көмектесеміз» деп айтқандары бос сөз болып шықты».
- «Негізі дұрыс айтады! «Зерделеу» деген бос ұран ғана. Әдістемелік кабинеттер неге өздері келіп, сабақтың қалай өтуі керек екенін көрсетпейді? Себебі өздері де жеткілікті деңгейде білімді емес. Ал ескертсең, ертең ренжіп, қарсы шығады. Бірақ «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!»».