Атырау облысында сұмдық жағдай орын алды. 25 жастағы жігіт әке-шешесін өз қолымен өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Qazaq.today порталы Todayinfo агенттігіне сілтеме жасап.
Қанды қылмыстан соң жігіт өзіне де қол салған. Облыстық полиция департаменті адам шошырлық оқианы растады. Атырау облысы полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Алдын-ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.