«Анда-санда қуып кетемін»: Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Мақпал Жүнісова мерекелік кештің сахнасында халыққа алғыс айтып, ішіндегісін ақтарды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Сіздер менің барымсыздар. Сіздерге басымды иемін, аман болыңыздар. Сіздер жоқ болсаңыздар әнімді кімге айтамын. Анда-санда қуып кетсем, кешіре беріңіздер. Бұл жалған дүниеге бәріміз қонақпыз, бәріміз пендеміз. У берсеңіздер де, су берсеңіздер де өздеріңіз білесіздер», — деді ол.

Желі қолданушылары Мақпалдың бұл сөздерін жылы қабылдап, өте қарапайым жан екенін жарыса жазды.