Анасынан басқа донор жоқ: 6 айлық қазақстандық сәбиге отаны Делиде жасатпақ

Қазақта ауру айтып келмейді деген нақыл сөз бар.

Серікбай Сатыбалды отбасының көз қуанышы болып өмірге келген үшінші перезенті – Назым еді. Сатыбалды отбасының қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Туа сала терісіндегі сары түске назар аудармаған Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кетіндегі перезентхана дәрігерлері сәбиді анасымен бірге үйге қайтуына рұқсат берген.

Денесіндегі сарғайған рең күн өткен сайын үдей түскен соң 40-нан шыққан сәбиді білікті дәрігерлерге қаратқан Серікбай Сатыбалды қойылған диагноздан соң мүлде есеңгіреп қалған.

Өт жолы бітеу туылған баланың күн өте келе бауыры мүлде істен шыққан. Енді тек анасының ғана бауырын кесіп алып, балаға салуға жарайды дейді А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы дәрігерлері.

 Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы диагнозы: Серикбайкызы Назым, 6 мес, была обследована в условиях АО «ННЦХ им. А.Н Сызганова» с клиническим диагнозом «ВПР ЖВП. Билиарная атрезия. Вторичный билиарный цирроз печени, стадия декомпенсации, класс С по Child-Turcotte-Pugh. PELD-25 баллов. ЦМВ инфекция, манифестная форма». Ребенку показана трансплантация печени. Документы направлены в рабочий орган МЗ РК для рассмотрения лечения по квоте за рубежом.

Ота Индияның Дели қаласында жасалады. Отаға Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы жолдама беріп отыр.

«Мемлекет тарапынан жасалатын көмек тек Делидегі отаға ғана беріліп отыр. Жат елдегі 2-3 айға созылатын емнің өзге де шығындары бізге ауыр тиіп отыр» дейді С.Сатыбалды.

Бір сәбиге ғана емес, анасына да ота жасалатындықтан қарапайым шаштараз болып жұмыс жасайтын Серікбай Сатыбалды отбасына оның барлық шығынын жабу мүлде қиынға соғып отыр.

Барша қазақстандықтардан сәби Назымға қол ұшын созып, емінің сәтті өтуіне жәрдем беруін сұраймыз.

Әкесінің телефон/Kaspi Gold: 87079874087 Серікбай С.
Карта номері: 4400430133613304

 

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here