Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында 13 жастағы Мұхаммедали Фарид оглы Еганов бар, ол жаңа жылды қарсы алу үшін анасына Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті басылымның хабарлауынша, оның сыныптастары жасөспірімнің қазасы туралы әлеуметтік желіде жазған. Баланың Бакудің Хатай ауданында тұратыны және сол жерде орта мектепте оқығаны айтылады. Басылымның мәліметінше, анасының ұлты – шешен.
«Мұхаммедали Еганов жаңа жылды қарсы алу үшін Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ретте онымен бірге ұшақта туыстары болмаған», — деп жазады басылым.