Мұндай жағдайлардың 25-і үйде болған. Тағы бес жағдай үйден тыс жерлерде болғаны анықталып отыр. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Майқайыңда қыз бала анасына зорлық-зомбылық туралы айтқан, бірақ анасы оған сенбеген. Қыз анасымен және өгей әкесімен бірге тұрды, болған жайт туралы өзінің туған әкесіне де айтқан. Ата-анасына екі жыл бұрын айтқан, бірақ екеуі де ешқандай шара қолданбады, ешқайда жүгінбеді және баланың сөзіне сенбеді. Өкінішке қарай, осындай жағдайлар болады», – деді Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Өңір басшысы балаларға қарсы зорлық-зомбылық мәселесінде тек мемлекеттік органдар ғана емес, қарапайым азаматтар да жауапты екенін айтты.