Фото: instagram.com/muratsaveliev
Қымбат Досжан бельгиялық азамат асырап алған Жәнібекке (Мұрат Савельев) қатысты тың деректі жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдер тапсырған қан талдауының нәтижесі шыққанын жазды.
«8 әйелдің анализі нөл пайыз шықты. Қалған екеуінің қан нәтижесін бүгін күтеміз», — деп жазған журналист.
Бұған дейін Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында Жәнібектің биологиялық анасын іздеу процесі аяқталмағанын әрі ДНҚ анализін тапсырып жатқан аналар бар екенін айтқан еді.