«Алтын Орданың» бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды

Базар аумағында төрт ер адамға арналған іздеу парағы жапсырылған. Ілеспе ақпаратқа сәйкес, олар ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Полиция бұл адамдарды шынымен іздеп жатқанын растады. Олар Данияр Әпдіғапаров, Жұмадин Патов, Қанат Жақаев және Айдос Нұрқалиев.

Прокуратура күдіктілердің «Алтын Орданың» бұрынғы басшылығының мүшелері екенін және оларды іздеу базардағы сатушылардың шағымына байланысты екенін айтады.