Эксклюзивті мазмұн:

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Алтын Орданың бұрынғы басшылығы базарды қалай тартып алғанын айтып берді (видео)

Алтын Орда базарының бұрынғы басшылығы базар төңірегіндегі келеңсіз жайттарға қатысты түсінік берді. «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-нің директоры Данияр Әбдіғапаровтың айтуынша, белгісіз адамдар базарды рейдерлік жолмен тартып алған.

«Әкем дулат, анам албан, Кеген ауылынан. Алтын Орда базарында студенттік кезімнен жұмыс істеймін. 2000 жылы осы алтын Ордаға бақылаушыболып кіргенмін. Ол кезде 19 жаста болдым. Ол кезде Алтынбек Әлпиев менің басшым болған. Сол басшының қызметінде істедім», – деді ол.

Соңғы кездері Алтын Орда базарын Қырғызстан азаматтары басып алды деген әңгіме тарап жатқаны белгілі. Оқиғаның қалай өрбігенін базардың бұрынғы қожайындары түсіндіріп берді.

«Бұның бәрі тексерістен басталды. Келді, тексерді, бәрін түсіндірдік, көрсеттік. Енді білесіздер, жұмыс болғандықтан шатаспайтын адам жоқ. Жұмыста әрбір адам шатасады. Мүмкін көп затты үлгере алмай қалған шығармыз. Бірақ ескерпелердің бәрін орындап, орнына келтірдік. Салығын да төледік. СЭБ департаментінің де жағдайын жақсарттық. Өрт қауіпсіздігін де дұрыстадық. Бүкіл жағын! Қаншама мекеме келді, сол мекеменің жұмысының бәрін атқарып, тиянақтап орындадық. Базар қазір бандитизмге толы. Көбісі Қырғызстаннан келді. Олар қызметкер ме, кімдер екенін білмеймін. Бейджиктері жоқ, есімдерін айтпайды. Олар келіп тек ақша сұрайды. Жаңа әкімшіліктің жұмыс істеп жатқанына 8 күн болды. Ешқандай лабароториялық зерттеусіз жұмыс істеуде. Лабаротория бар, қуып жібереді. Салдарынан баға көтерілді, халық ашулы»,- дейді базардың бұрынғы қожайыны.

Оның айтуынша, белгісіз адамдар базардың заңгерін ұрлап әкетіп, екі күн бойы қорқытып, бүкіл құжатты өздерінің аттарына жаздырып алған.

» Бізде заңгер бар. Жас қыз, Камила оның аты. Мен онымен жақында сөйлестім, оған біраз қолдау берейін деп. Ол маған қорқынышты оқиғаны айтып берді. Оны Алматыдағы Esentai Mall-дың дәл алдынан бес ірі денелі жігіт автобусқа салып, алып қашып кеткен. Ол көлікте 2 күн болған, түсініңіз, ол әйел ғой. Оның отбасы, балалары бар. Оны құжатты қайта жазуға мәжбүрлеген, тіпті нотариус оның жағдайына куәлік ете алады. Олар нотариусты да қорқытқан. Осылайша олар рейдерлік тәсілмен құжатты алды. 2022 жылы Қазақстанда. Басқа ТМД елдерінде ғана осындай бар деп ойлайтынмын, бірақ бізде де бар екен. Жаңа Қазақстан рейдерліктен басталатынына таңқалдым»,- деді Әбдіғапаров.

Сондай-ақ ол базардағы павильондарды өзі салғанын айтты. Базарда көп адам жұмыс істейді, олардың көңілін табу, тілтабысу да оңай емес көрінеді. Бұл базар аймақтық, бүкіл Қазақстан осы нарықтан қоректенеді.

Данияр Әбдіғапаров болып жатқан жағдайдан тек президенттен ғана үміт күтетінін, сол ғана араша бола алады деген ойын жеткізді.

«Мен қарапайым кәсіпкермін, барлығы халық үшін болғанын қалаймын. Бұл павильондарды алдымен халыққа салдым, адамдар қыста суықта, жазда ыстықта күн астында тұратынын көрдім. Мен адамдар үшін жағдай жасадым. Олар да мен сияқты қарапайым адамдар. Өкінішке қарай базарды жаман жолмен басып алды. Жас қызды қысып, өздерінің атына жазып алды. Олар заңсыз кіріп, ешқандай санкциясыз келіп, барлық құжаттарды автотұрақтан алып шыққан. Оны кімдер жасағаны белгілі, видео жазбалар бар. Мұның бәрін көрсете аламын»,-дейді ол.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Алтын Орда базарында жұмыс істейтін саудагерлер наразылық танытып, базардың жаңа басшылығы орнымыздан қуып жатыр деп бас көтерген еді. Ал, базардың жаңа басшылығы бәрі дұрыс, ақшасын уақытымен төлесе болды дегендей жауап берген. Онымен қоймай Қазақстан азаматы екенін айтып баққан еді. Кейін жаңа басшылықтың Қырғызстан азаматтары екені анықталды.

Базардан айырылп қалған бұрынғы басшылық та, онда жұмыс істейтін халық та алаңсыз жұмыс істеуді қалайды және бұл іс тек президенттің көмегімен ғана шешіледі деп сеніп отыр.

 

Соңғы

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімі өрт сөндіру қызметінің...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады. «Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Іздеу жұмыстары...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here