«Алтын Орда» жолы жыл соңына дейін толық аяқталады

«Алтын Орда» жобасы 95% аяқталды. «ҚазАвтоЖол» Басқарма Төрағасы Мейірхат Қасымбаев Алматы өңірінде орналасқан бірқатар маңызды нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексерді. “Қазіргі уақытта «Алтын Орда» жобасы 95% – ға аяқталды. Негізгі бағыттар бойынша барлық жұмыстар орындалды. Жол 8-ден 10 жолаққа дейін кеңейтілді. Сонымен қатар, басты магистральдық эстакаданың, «таға» түріндегі бұрылу эстакадасының және де Ақсай өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Жол бойында жарық шамдары орнатылды. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үш жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Мердігер ұйым қиыршық тас мастикалық асфальтобетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын аяқтап, қоршаулар мен жол белгілерін орнатып, жол таңбаларын сызуда.

«Шамалған бекетін айналып өту нысанындағы құрылыс жұмыстары айтарлықтай ілгерілеуде. Осыдан бір ай бұрын да нысан басына келіп, құрылыс жұмыстарын тексерген болатынмын. Өткен аймен салыстырғанда оң динамика байқалады. Мердігер ұйым жер төсемін төгу, көпірлер мен су өткізгіш құбырлар салу және т. б. бойынша жұмыстар жалғастыруда. Нысан басында 50-ден астам арнайы техника жұмыс жасап, 150-ге жуық адам еңбектеніп жүр. Өздеріңіз білетіндей, «Асыл-Арман» жобасының құрылысына жауапты мердігер ұйым жұмысына салғырт қарап, олармен келісімшарт бұзылды. Бүгінгі күні жаңа мердігер ұйым анықталып, нысандағы барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта жанданды. Жоба бойынша жұмыстың 50% – ы орындалды. «Құбыр» типті эстакада мен жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жалғасуда”,- деді «ҚазАвтоЖол» басшысы Мейірхат Қасымбаев.

«Алтын Орда» нысаны жақын арада пайдалануға берілсе, жоғарыда аталған қалған екі нысандағы құрылыс жұмыстары  келесі жылы аяқталмақ.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here