Алтайда айтыс өтті

Шығысқа бара қалсаңыз, Катонқарағайдың сұлу табиғатын көзбен көрмей кету мүмкін емес. Ол – еңселі тауларымен, алып балқарағай-мойылдарымен, өзен-көлдері, сирек кездесетін өсімдіктерімен ерекше. Бұл өңірге келушілер рухани азықтан бөлек, жанына да небір емдік қасиеті бар шөптер мен суларды кездестіре алады. Мысалы, Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай шекараларының тоғысқан жерінде орналасқан Рахман бұлағы минералдарға бай, құрамында радон мен азот бар емдік суы бар. Саябақ жері табиғат және мәдени ескерткіштерге бай. Тархан геологиялық қимасы, Берел сақ қорғаны мен Көккөл кеніші, Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы орналасқан. Cүтқоректілердің жетпістен аса, құстардың 250-ден аса түрлері бар. Олардың біршамасы қызыл кітапқа енгізілген.

Тылсым сырға толы тұмса табиғат аясы – Шығыс аспанында қазақтың төл өнері дәріптеліп, халықаралық айтыс өтті. Ақындардың жырына арқау болған Алтай етегіндегі Катонқарағайда  ары қарай этникалық әуендер шырқалып, Balkaragai Tunes фестивалі жалғасын тапты. Мұндай ауқымды іс-шараның Алтай жүрегінде өтуі де тегін емес. Қатонқарағай-түркі өркениетінің киелі мекені, алтынбесігі.

Айтыстың жүргізушісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман ашық аспан астындағы табиғат бүгінгі айтыскерлердің зор шабытына арқау болғанын айтты. Нәтижесінде, I орынды Мұхтар Ниязов қанжығаласа, II орынды Еркебұлан Қайназаров пен Рүстем Қайыртайұлы бөлісті. Қазірет Бердіхан мен  өзбекстандық ақын Талғат Орынбеков III орын алды.

Кеш соңын Тува Республикасының әртісі Шыңғыс Соржу, Қазақстанның жетекші этномузыканты Еділ Құсайынов және модерн-этноджаз бағытындағы Steppe Sons (Қазақстан) тобы  жандандырды.

Фестиваль Алтай қазақтарының мұрасын, түркі тарихы мен мәдениетін насихаттауға арналған. Көрермендер назарына музыканттардың өнерімен қоса эксперименталды музыкалық коллаборация ұсынылады.

Алтайға аяқ баса қалсаңыз, жылы киім алуды да ұмытпаңыз. Себебі, табиғаты шұғыл континентті.

 

 

 

 

 

 

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here