Фото: zakon.kz
26 наурызда қазақстандық сейсмологтар көрші елдің аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеп.
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 6:40-та тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 560 шақырым жерде орналасқан.
Қазақстанда жер асты дүмпулері сезілген жоқ.
Сейсмологтар 24 наурызда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісін тіркеді.