Алматыдан 252 шақырым қашықтықта 4,6 балдық жер сілкінісі болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық стансалар желісі 1 ақпан күні сағат 01:21-де жер сілкінісін (афтершок) тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым қашықтықта — Қытай аумағында орналасқан.

ер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.1. Магнитудасы — MPV 4.6.

«Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілген жоқ», — делінген Алматы қаласы бойынша кезекші оператордың хабарламасында.