Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.
«Ауданда тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын қосымша төмендету мақсатында 6 жаңа мектепті, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 7900 орындық 5 мектепті жобалау және салу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталады, 2024 жылдың екінші жартысында аяқталады»,-деді ол аудан тұрғындарымен кездесуде.
Сонымен қатар осы жылдың шілде айында Шұғыла шағын ауданындағы №174 мектепке қосымша құрылыс басталмақ.
«Бұған қоса балаларымызды қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін көпсалалы инновациялық шығармашылық орталықтың (Оқушылар сарайы. Бүгінгі күні ғимаратты одан әрі пайдалануға беру үшін Білім басқармасына қабылдау-беру актісіне қол қою жұмыстары жүргізілуде) құрылысы аяқталды. Бұл 5 мыңнан астам баланы қосымша біліммен қамтуға мүмкіндік береді»,-деді әкім.
Qazaq.today