Алматыда қираған үйіндінің астынан бозбаланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Алматыда лай көшкіні түскен жерде жедел штаб құрылған. Қазір жеке тұрғын үйді балшықтан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға 182 маман мен 32 техника жұмылдырылған. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Лай көшкінінің астында қалғандардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жедел медициналық жәрдем бригадалары да сонда.
«Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен топырақтың лайлануына байланысты техногендік сипаттағы лай көшкіні ғимаратты зақымдаған. Соның салдарынан алдын ала қаза тапқан ер адамның денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ақпарат толықтырылады», – делінген хабарламада.
ТЖМ қаза тапқан адам – 2007 жылғы жас жігіт екенін хабарлайды.