Алматыдағы билогиялық зертханада Америка сынақ жүргізіп жатыр

Алматыдағы орталық анықтамалық зертхана АҚШ қаржысына салынды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.Today басылымы orda-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Өздеріңіз білесіздер, бізде Алматыда Орталық референттік зертхана бар. Бұл зертхана АҚШ қаражатына салынды және жабдықты солар қамтамасыз етті. Бірақ бұл зертхана толығымен Қазақстан Үкіметіне берілді. Қазір Қазақстан өз зерттеулері мен ғылыми әзірлемелерін осы зертханада жүргізеді. Американдық немесе басқа елдердің ғалымдары онда ешқандай сынақ жүргізбейді. Осы зертхананың арқасында біздің QazVac коронавирусқа қарсы вакцина әзірленді» деді Мұхтар Тілеуберді.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд Украинада биологиялық зерттеу нысандары бар екенін, қазір Киев пен Вашингтон онда жинақталған материалдардың ресейлік күштердің қолына өтуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатқанын айтқан. Сенаттағы тыңдау кезінде одан Украинада химиялық не биологиялық қару бар ма деген сұрақ қойылды.

«Украинада биологиялық зерттеулерге арналған қондырғылар бар. Біз ресейлік әскерлердің оларды бақылауға алуға әрекеттенуі мүмкін деп алаңдаймыз. Сондықтан біз украиндықтармен осы зерттеу материалдарының кез келгенінің ресейлік күштердің қолына түсуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатырмыз» деп жауап берді Нуланд.

Ал Ресей Қорғаныс министрлігі Америка Украинадағы биологиялық зертханаларды пайдалануға 200 млн доллардан астам қаражат жұмсағанын хабарлаған.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here